2015 жылғы 13 наурыз, Астана, Үкімет Үйі
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы
2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 280-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы
№ 133 қаулысымен бекітілген
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған
акциз мөлшерлемелері
Р/с
№ 1 тоннаға акциз мөлшерлемелері (теңгемен)
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) (ЕАЭО СЭҚТН коды 2710 12411 0-2710 12590 0) Дизель отыны (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19310 0-2710 19 480 0)
1 2 3 4
1. Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді оспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі 4500 540
2. Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі 0 0
3. Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы 5000 600
4. Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы 500 60
5. Импорт 4500 540
6. Осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру 4500 540
Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
V х 0,730
М =----------------- , мұндағы:
1000
М - өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) тоннамен есептегендегі көлемі;
V - өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспаганда) литрмен есептегендегі көлемі;
0,730 - бензиннің (авиациялық бензинді қоспаганда) барлық түрлері үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.
Дизель отынын бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жагдайда, литрден тоннага көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
V х 0,769
М =------------------, мұндағы:
1000
М - өткізілген дизель отынының тоннамен есептегендегі көлемі;
V - өткізілген дизель отынының литрмен есептегендегі көлемі;
0,769 - дизель отыны үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.
Ескертпе: тауар номенклатурасы ЕАЭО СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауардың атауымен айқындалады.